Қатонқарағай ұлттық саябағында сирек кездесетін сілеусін мен сібір тау ешкісі камераға түсіп қалды (видео)
Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сирек мекендейтін сілеусін, сібір тау ешкісі және бүркіт видеокамераға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Ақпаратты 4 қарашада Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
"Бұл бірегей кадрлар жабайы табиғаттың өмірін зерттеу және сирек кездесетін түрлерді қорғау үшін маңызды дереккөз саналады. Мұндай ашылулар Оңтүстік Алтайдың биологиялық әртүрлілігін зерттеу мен сақтаудың жаңа мүмкіндіктерін ашады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыға жақын тауда екі аланын ерткен қар барысы камераға түсіп қалған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі