Қатерлі ісікті емдейтін, иммунитет көтеретін жеміс аталды
Түрік басылымы Sabah сәндік мандарин немесе кумкват аталатын алтын апельсин - цитрус тұқымдасынан шыққан жеміс, қатерлі ісікті тоқтата алады деп мәлімдейді. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме беріп Stan.kz хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, тұмаумен және маусымдық вирустық аурулармен жиі ауыратын иммунитеті төмен адамдар кумкват өсімдігінің жемісін жеуі керек. Өсімдіктің жемістері асқазан-ішек жолдары үшін де пайдалы. Бірақ оның басты қасиеті - онкологиялық аурулардың дамуын бәсеңдету. Жемістегі флавоноидтардың көп болуына байланысты ол ағзаны ісіктердің көбеюіне ықпал ететін канцерогендерге төзімді ете алады.
Сондай ақ, кумкватта кальцийдің көп мөлшері бар, бұл сүйектерді нығайтуға көмектеседі және әжімдердің, безеулердің және дақтардың пайда болуына жол бермейді. Бұл жемісті қабығымен бірге тұтыну, сонымен қатар одан джем мен мармелад дайындау ұсынылады.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"