Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатерлі ісік тұқым қуалай ма? Ғалымдар жауап берді

Мамандар қатерлі дертке шалдыққан бірнеше баланы тексеріп көрді. Зерттеу қорытындысы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.

Қатерлі ісік тұқым қуалай ма? Ғалымдар жауап берді

Зерттеу нәтижесінде, биологиялық ата-анасының онкологиялық ауруы балаларынан анықталған жоқ. Екінші жағынан бала асырап алушы ата-аналар қатерлі ісігі бар балалардан ауру жұқтыру қаупі 5 есе көп.

Ғалымдар рак ауруының пайда болу қаупі көбінесе тұқым қуалаушылықтан емес, өмір сүру жағдайларынан болатынын көрсетті.

Зерттеушілердің жалпы қорытындысы бойынша, тұқым қуалау жағдайы қатерлі ісік ісік ауруы кезінде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің 15 пайызын ғана құрайды. Яғни, қатерлі ісікке бейімділік гендерінің тасымалдаушыларын салауатты тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану арқылы қорғауға болады.

Монреаль университетінде әйелдердің сүт безінің рагын текеріп көрді (BRCA-1 және BRCA-2 гендерінің қалыпты өзгеруі). Олар әр апта сайын тамақ рационына 27 түрлі көкөніс пен жемісті енгізіп, нәтижесінде рак ауруларының даму қаупін 73 пайызға азайды. 

Бұл қауіпті генерді қорғауда ұстау керегі айтылған алғашқы зерттеу емес. 

Егер ген белсенділік танытса, құрылымы өзгеру мүмкін. Рак гені бар адамдар гені белсенділік танытқан жағдайда ғана, ауруы дами бастайды. 

Гендердің белсенділігіне көптеген факторлар әсер етеді, оның ішінде дұрыс тамақтану және дене белсенділігі ең маңызды болып табылады. Салауатты тамақтану және тиісті физикалық күш салу - онкологиялық аурулардың дамуын тудыратын гендердің белсенділігін «ұйықтау» жағдайында ұстап тұрудағы маңызды және тиімді құралдар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр