Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі дерттен айығасыз: Шетелде құны 30 мың доллар тұратын емді Қазақстанда тегін жасайды

Небәрі 3 айдан соң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылмақ. Жергілікті Марат Оспанов атындағы батыс онкология орталығы қордың тікелей медициналық қызметін жеткізушісі болып саналады. Онкология дертіне көрсетілетін медициналық қызметтердің барлығы тегін көрсетіле береді.

Қатерлі дерттен айғасыз: 2020 жылдан бастап шетелде құны 30 мың доллар тұратын емді Қазақстанда тегін жасайды

Жыл сайын әлемде 18 млн адамға қатерлі ісікке шалдыққан деген диагноз қойылады. Ал Қазақстанда қазір 180 мың адам осы дертпен есепте тұр. Дәрігерлер аты жаман аурудан айығудың бірден-бір жолы ерте диагностика екенін дабыл қағып айтып жүр. Ал ем-домға келсек, қазір отандық медицинада онкологияда емдеудің инновациялық тәсілдерін енгізу жоспарланып отыр.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Шетелдерге барып келген науқастардың айтуы бойынша, біздің ем Оңтүстік Кореяда 30 мың АҚШ долларынан жоғары, Германияда 40 мың еуродан жоғары тұрады. Қазақстанда медициналық сақтандыру арқылы бүкіл дәрі-дәрмекпен, сәулелік ем - ақысыз. Өте жақсы нәтиже, себебі, біздің науқастар бәрі диспансерлік учетта тұрады, ай сайын, жыл сайын тексеріп тұрамыз», - деді Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығы радиология бөлмінің меңгерушісі Бейбіт Байзақов. 

Ақтөбедегі мединалық орталықтың радиология бөлімінде жыл сайын мыңнан астам адам ем алса, соның 400-і осы сәулелік терапия қабылдайды. Онколог мамандардың айтуынша, оның бір артықшылығы  сәулені тек ісіктің ошағына бағыттап, емдейді. Ал қалған ағза мүшелері, тіпті титтей тіндердің өзіне зақым келмейді.

69 жастағы Жұмағұл Нұрмағамбетов бүгін 19-мәрте сәулелік емді алып жатыр. Зейнеткер денсаулығында бір кілтипан барын қою тамақ ішкен кезде сездім дейді. Ішкен асын ауыр жұтынғасын күдіктеніп, дереу облыс орталығына асыққан. Толық медициналық тексеруден өткізгеннен кейін, радиология бөліміне орналастырыпты. 

"Тегін барлығы, ешқандай әңгіме жоқ. Лучевая терапия ғой алып жатқаным. Аппараты күшті, ешқандай сезілмейді.Аппараты күшті, ешқандай сезілмейді. Ем алып жатасың, «аға, болды, көзіңді аш» дейді. Үстінен-астынан белгілеп жібереді. Менде мына жерде жұтқыншақтың астында, сосын асқазанның өңешпен қосылған тұсында- екі жерде кішкентайпроцесс бар. Медицина біздің керемет! Тіл-аузым тасқа! Шетелге дейді, шетелдің керегі жоқ барудың, өзімізде тұрғанда, шетелге босқа шабылып. Азамат жігіттер бар!", - дейді емделуші Жұмағұл Нұрмағамбетов. 

Мүмкіндігі зор бұл аппарат- бүтін батыс өңірінің тұрғындарына қызмет етіп тұр. Жалпы, сәулелік терапияның арқасында обырдан оңалып кеткендер баршылық. Бөлім меңгерушісі Бейбіт Байзақов осыдан 20 жыл бұрын ем қабылдағандар ортамызда аман-есен жүргенін айтты. Олар есепке тұрып, жыл сайын тексеріледі екен. Ең бастысы «жаман аурудың» атынан үрікпей, дер кезінде анықтап, ем қабылдау дейді дәрігерлер. Ал келер жылдың қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі.

Бұл қатерлі ісіктің алдын алуды және ерте анықтауға ықпал ететін болады. Атап айтқандай, 2020 жылдан бастап МӘМС жүйесі бойынша, оңалту қызметі дами бастайды. Оңалту қызметін қаржыландыру МӘМС үлгісі бойынша қарастырылып, өңірде осы қызмет түрін дамыту қолға алынбақ.
 

Талқылау