Қаскелеңде иттерді сою орнын ұйымдастырған: Полиция тексеру жүргізетін болды (видео)
Полицейлер бұған дейін Қаскелеңде анықталған иттерді сою орнын тексеретін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірер күн бұрын Алматы облысының Қарасай ауданында белгісіз біреулердің иттерге арналған сою орнын ұйымдастырғаны туралы видео тараған еді. Қараусыз ғимаратқа келген еріктілер ол жерден пышақтарды, балталарды, өліктерге арналған ілмектерді, сондай-ақ иттердің қалдықтарын тапты.
- Ақтөбеде қабаған ит аулада ойнап жүрген балаларды талап тастаған
- Полиция Бурабайдағы полицейлер мен ҚТЖ қызметкерлерінің төбелесіне қатысты пікір білдірді (видео)
"Аталған фактіні Алматы облысы Қарасай ауданы Полиция басқармасы назарға алып, ҚР ҚК-нің 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Тексеру басталды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"