Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өткен жекпе-жегінде екі титулды жеңіп алды
Алматыда 33 жастағы қазақстандық Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) қос титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол жапониялық Акихиро Кондомен (37-12-2, 21 КО) жұдырықтасып, екі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.
Жанқош 12 раундтан кейін 118:110, 120:108, 118:110 есебімен жеңіске жетті.
Отандасымыз жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сенімді қорғап қалды, сонымен қатар бос тұрған WBA Gold титулын жеңіп алды.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"