Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек демалысына шықты
Ақорданың баспасөз қызметі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерзімді еңбек демалысына шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін 8 шілдеде мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын хабарладық. Туризм және спорт министрлігі өзгертулер мен толықтыруларға тоқталып, қай салық алынғанын және қандай қызметтер ақылы болатынын нақтылады.
Еске салайық, Ақмола облысы Бурабай ауданының тұрғыны ұлттық саябақ аумағы қоршалып жатқанына шағымданып, мемлекет басшысына үндеу жолдағаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді