Мафия жетекшісі 16 жыл бойы басқа елде мейрамханада аспазшы болып жұмыс істеп келген
Италиялық мафия жетекшісі Эдгаро Греко 16 жыл бойы Францияда аспаз болып жұмыс істеген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап.

"Ндрангета" тобының мүшесі Эдгаро Греко 1991 жылы екі ағайындыны өлтіріп, тағы бір адамның өміріне қастандық жасағаны үшін айып тағылған. Ол 2006 жылдан бері іздеуде болған.
2014 жылдан бері жасырынып жүрген 63 жастағы қылмыскер Францияның Сент-Этьен қаласында ұсталды. Қамауға алынғанға дейінгі соңғы жылдары ол Пауло Димитрио есімімен пиццерияда аспаз болып жұмыс істеген.
Бір қызығы мафия өзінің бүркеншік атының қауіпсіздігіне сенімді болғаны сонша 2021 жылдың шілдесіне қарай ол жергілікті газеттегі мақалалардың біріне шыққан. Онда ол өзінің Caffe Rossini Ristorante мейрамханасының "аймақтық және үй рецепттерін" таныстырған. Фотосуретте ол қара көзілдірік пен ақ сақалда болған. Ал мақалада тумысынан итальяндық деп таныстырылған.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты