Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыпты Алматы облысында ұсталды

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті "Елімай 2019" тұтыну кооперативі түрінде қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е. Кизбаев пен Ж. Өмірбаеваны ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша Алматы облысында және ҚР басқа өңірлерінде "Елімай 2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша қылмыстық істер тергелуде. Күдіктілер Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу органына 125-тен астам зардап шеккен адам жүгінді. Тергеу нәтижелері жәбірленушілердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр.

"Осыған байланысты Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті зардап шеккен азаматтарды Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі 11а мекен-жайы бойынша немесе +7 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрайды",-делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Талқылау