Астанада құрылыс жұмыстарындағы миллиардтаған теңгенің заң бұзушылықтары анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі 61 ірі инфрақұрылымдық нысанды жоспарлау кезеңінде олардың құнын төмендету үшін резервтерді анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нәтижесінде облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс ЖСҚ түзетіліп, 65 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді.
Қазіргі уақытта 11 млрд теңгеге қымбаттату тәуекелі бар тағы 12 нысанның құжаттары тексеріліп жатыр. Мәселен, Астанада магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша инфрақұрылымдық объектіні жобалау кезінде мемлекеттің 5,3 миллиард теңгеге артық шығындардың алдын алынды. Құрылыс құны 26,4 миллиард теңге болды, енді ол 21 миллиард теңге болмақ.
Ақтөбеде "Парасат" тұрғын алабында электрмен жабдықтау желілерін салу объектісін жобалау сатысында 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған