Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев карантинге кетті
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін карантинге кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Олардың сөзінше министрдің коронавирусқа тапсырған тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен.
Қаржы министрлігі басшысының міндетін атқарушы вице-министр Татьяна Савельева болды. Ол бейсенбі күні Қазақстан Сенатында баяндама жасады.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жұқтырғаны белгілі болды.
Біртанов үкімет басшысы Асқар Маминмен, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиевпен және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен байланысты болғандықтан, министрлер оқшауланып, үйден жұмыс істеп жатыр.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен