Кәрім Мәсімовтің інісі Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
Генерал-майор Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Нұрлан Мәсімов бұған дейін Павлодар облысы полиция департаментін басқарған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы генерал-майор Мәсімов Н.М. қатысты сотқа дейнігі тергеу бастады. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді (Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 4-бөлігі бойынша), - делінген хабарламада.
Қазір Мәсімовке қатысты іс қайта қаралып, сот қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады.
"Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады", - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
“Перизаттың миллиардтары, торт дауы мен Шерзат өліміне қатысты сот": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық