Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда бір жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Қарағанды қаласындағы Перонная көшесінде 2-ші қабатта орналасқан пәтердін терзесінен 2019 жылы туылған қыз бала құлап түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

сәби

Қайғылы оқиға 1 маусымда сағат 12:00-де болған. Бала емханаға жатқызылды.

"Сәуір айынан бастап бұл облыста балалардың терезеден құлау орын алған 9-ші оқиға. Бұған дейін осындай оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалаларында және Сарышаған кентінде болған", - дедіҚарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады:
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
- бала терезенің алдына шыға алмау үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынаң алып тастаңыздар!
- москит торына сенбеңіздер! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыздар!
- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз!
- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға үнемі түсіндіріңіздер!

Талқылау