Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қараусыз жылқылар": Төрт түліктің қатысуымен болған жол апатында көліктің шығынын кім өтейді

Өткен демалыста жылқының қатысуымен екі бірдей жол апаты болды. Салдарынан бірінде салт атты мен жылқы мерт болды. Ал екіншісінде бүтін бір отбасы зардап шекті. Көп жағдайда жүргізуші малдың иесін таппай, көлігін өз ақшасына жөндетеді. Мұндайда не істеу керек? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қоғам белсенділерінің айтуынша, шаруалардың жауапкершілігін арттырып, жол инфрақұрылымын жақсарту қажет.

“Инфрақұрылым дайын емес, жануарлар тас жолды қауіпсіз кесіп өтетіндей мал өткелдері жоқ. Сондай-ақ "Назар аударыңыз, алдыңызда мал” деген жол белгілерін әрқашан, әр жерде көре бермейсің”, – дейді жол қауіпсіздігі бірлестігінің басшысы Арсен Шакуов.

"Қазавтожол" жолдарды салып, қайта жөндеу кезінде жұмысшылардың малға өткел жасап жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар жүргізушілер жылдамдықты азайту үшін "Малды басқа жерге айдау" белгілері орнатылып жатыр.

“Мал жолға шығып кетпес үшін жол бойына арнайы шлагбаумдар мен торлар орнатамыз. Негізінде жергілікті тұрғындар жүретін және мал өтетін жерге темір тор орнатамыз”, – деді “ҚазАвтоЖол”ҰҚ” АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Мыңдаған шақырым жолдардың бәрін қоршау мүмкін емес. Десе де, мамандардың пікірінше, жолда сақ болудың жауапкершілігі жүргізушілер мен шаруаларға ортақ. 



Заңгерлер малдың қатысуымен жол апаты болған жағдайда моральдық және материалдық шығынды шаруа өтеуі керек екенін айтады. Мал кенеттен жолға шығып кеткенін көліктегі бейнетіркегіш немесе оқиға орнында түсірілген видео арқылы дәлелдеуге болады.

“Жол апатын түсіріп алу керек. Жолға шығып кеткен жылқы ірі болуы мүмкін. Ол көлікті зақымдап, әрі қарай кете беруі де ғажап емес. Полицияға жылқыны сипаттап беру үшін оның қашып бара жатқанын видеоға түсіріп алыңыз. Кейін тәртіп сақшылары сол арқылы хаттама толтырады”, – дейді адвокат Евгений Яворский.

Былтыр елімізде малдың қатысуымен болған жол апатынан 2,5 мыңнан астам адам қаза тапты. Ал биыл 4 айда 542 адам мерт болды. 

Бұған дейін Жаңаөзенде жылқы жолға шығып кетіп, жол апатына себеп болғаны туралы жазған еді. Салдарынан үш айлық бала қатты зардап шекті. 

Талқылау