Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин кезінде дүркіретіп той жасаған Төреғали Төреәлінің отбасы полиция назарына ілікті

Желіде танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің ұзату және үйлену тойларында түсірілген видеолар тарады. Полиция бұл жағдайға назар аударды, деп хабарлайды Tengrinews ақпарат агенттігі. 

Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәліге былтыр шілде айында сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған еді. Мектепті енді ғана бітіргеніне қарамастан Фариза тұрмысқа шығуға келісті. 

Осы жылдың мамыр айында Фариза Төреәлі мен спортшы Дархан Нортаев мұсылманша некесін қиып, жас жұбайлар бірге тұра бастады. Ал той карантинге байланысты кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Дегенмен, желіде тараған видеолардан құдалардың карантин шараларының түпкілікті алынғанын күтпегені айқын көрініп тұр.

Алдымен Төреғали Төреәлінің отбасы қыз ұзатып, кейін Фариза мен Дарханның үйлену тойы өткізілді. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Fariza Toreali (@farizatoreali) on

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Fariza Toreali (@farizatoreali) on

Видеоларға Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Кеше Алмалы ауданының жергілікті полиция қызметкерлері ұйымдастырушыларды анықтады. Барлық материалдар жиналып, шешім қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіндегі санитарлық инспекторларға берілді. Олардың құзыретіне сәйкес олар хаттама жасауға құқылы", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау