"Қаралым жинап алды": Қыран Талапбектің видеосын Моңғолия президенті бөлісті
Отандық танымал мобилограф, блогер Қыран Талапбек Моңғолияның президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен бірге видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мобилограф Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшыларын видеоға түсірді.
Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталған коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.
"Түрік басшысы қабылдамай жатыр. Отбасымызбен күтіп отырмыз”, – деп жазды Қыран Талапбек.
Желі қолданушылары мобилографтың жұмысына жоғары баға беріп, оған жылы лебізін білдіріп жатыр.
“Қыранның арқасында қаралым жинап қалатын болды”, “Ердоған мырза, астындағы кнопканы баса қойыңызшы”, “Басқа да президенттер қабылдаса, Қыран маған 50 мың теңге береді”, "Президенттің назарын аударатын видео екен", "Жарайсың, Қыран. Жасай бер", "Мобилографияның атасы деп бекер атамапты ғой", "Елдегі маңызды шараларда осындай кәсіби адамдар жұмыс істеу керек", "Жыл коллаборациясы", – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, 4 шілде Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммиті өтті. Мемлекет басшысы жиын барысында "Шанхай ондығына" кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар басты бағыттарға тоқталды.
Бұған дейін, 3 шілде күні Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Сондай-ақ Қытай басшысы Қазақстанның ішкі істеріне араласқандарға қарсы тұратынын мәлімдеген еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді