Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)
Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында ежелгі Хорезмнің көптеген қала-бекіністерінің ізі қалған. Солардың арасындағы ең ірілері Топыраққала, Аязқала мен Қызылқала маңында бағзы заманнан тұратын қазақтар диқаншылық, мал бағу, балық аулаумен айналысады.
Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Қызылқаланың төңірегінде негізінен қазақтар тұрады, оншақты қазақ ауылы бар. Алғабас ауылы маңында қой бағып жүрген Сәдуақас ата өзін “Кіші жүз қазағымын, қожамын” деп таныстырды.
Совет кезінде “Қызыл Қазақстан” аталған ауыл қазір Алғабас деп аталады. Жергілікті халық оны “Көкен әулие” деп те атайды.
Қызылқалада жергілікті қазақ Рақымбай ақсақал бізге Бекет Атаның бесінші ұрпағы Көкен Қойбағарұлының мазарын көрсетті.
Көкен әулие – Бекет Атаның бесінші ұрпағы Көкен Қойбағарұлының мазары
Алғабас ауылындағы ағайынды Шугураевтардың үйі
Досболат Шугураевтың ұлы қонаққа келген Рақымбай атаның қолына су құйып қызмет көрсетіп жатыр.
Досболат Шугураевтың кішкентай жиені сүтке иленіп пісірілген тандыр нан қойылған үстелдің жанында тұр.
Досболат Шугураевтың немере інісі Нұрымбет
Үй алдындағы тандыр пеш
Алғабас ауылындағы қазақ мектебі
Рақымбай атаның айтуынша, Алғабас ауылындағы бұл моншаның құрылысы аяқсыз қалған.
Бұл өңірдегі жергілікті тұрғындар диқаншылықпен, мал бағып, Әмудариядан балық аулап күнелтеді.
Суретте: Үргенішке баратын жолда қауын сатып отырған жігіт
Жол бойында балық сатып отырған ер адам
Жіберіп алмаңыз:
Қытай телеарнасы Шыңжаңдағы малшы қазақтардың тұрмысын көрсетті (видео)