Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда ерлі-зайыптылардың 7 қыздан соң көптен күткен ұлы өмірге келді (фото)

Қарағандыда Думан Оспанов пен Зәмзәгүл Мамалинованың 7 қыздан соң ұлы дүниеге келді. Көптен күткен ұлының есімін ата-анасы Нұртілеу деп қойды. Ерлі зайыптының тұңғыш қызы 25 жаста. Ең кенжесі 2 жаста.

4c351ab68fc15af9819e996ddbd6512c

42 жастағы «Алтын алқа» иегері тұрмысқа шығар кезде көп балалы ана атанам деп ойламаған. Күйеуі екеуі ұлды болуды армандайды, бірақ 25 жыл ішінде 7 қызды өмірге әкеледі. Үлкен екі қызы жоғары білім алып үлгерген, деп жазады eKaraganda.

Бірнеше баланы өмірге әкелгеніне қарамастан Зәмзәгүл Мамалинованың өзі де екі жоғары білім алды. 10 жылдан аса жұмыс өтілі бар. Қазір декреттік демалыста. Күйеуі Думан Оспанов “Қарағанды Су” ЖШС-да жұмыс істейді.

«Ұлды болу – бұл менің де, күйеуімнің де арманы. Біз қазақ отбасымыз ғой», – дейді көпбалалы ана.

e98c5963cd1b1fb1166eb56dd782ade6

Қазір бұл отбасы туысының 3 бөлмелі пәтерін жалдап тұрып жатыр. Олар қаражат керек болғандықтан өз үйлерін сатып жіберген.

Зәмзәгүл жолдасы екеуінің қиыншылық көреміз деп қорықпайтындарын айтады. Ешнәрсеге қарамастан қыздарын өсіріп, оқытты.

«Жолдасыма сенем. Қандай жағдай болмасын бірге көтереміз. Балаларымыздың бойына қазақы тәрбиені сіңіре отырып үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеп өсірдік», – дейді көпбалалы ана.

 

Талқылау