Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық әйел күйеуіне педофил деп жала жауып, үйлерге жалған хабарлама ілген

Қарағанды тұрғыны бұрынғы күйеуіне “педофил” деп жала жауып, тұрғын үй кешенінде жалған хабарлама ілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

жалған ақпарат

6 қыркүйекте Қарағанды тұрғындары әлеуметтік желіде көпқабатты үйлердің кіреберіс есіктерінде күдікті хабарламаның пайда болғанын мәлімдеді. Хабарламада “педофилді ұстау” туралы жазылған мәтін және орта жастағы ер адамның суреті бар.

Желідегі жазбаға қатысты қала мен облыстың жедел қызметтері жауап берді. Олар фотода бейнеленген ер адамның әйелімен ажырасқанын анықтады. Ажырасқаннан кейін бала әкесінің қамқорлығында қалған. Әйел өзінің ата-ана құқығын есіне түсіріп, қызын осылай қайтаруға шешім қабылдаған.

Полицейлер оқиға бойынша тәртіп бұзушыға шара қолдану туралы арыз түскенін мәлімдеді. 

“Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына (Көрінеу жалған ақпарат тарату) және Қылмыстық кодекстің 73-бабының 3-бөлігі (Жала жабу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз”, – деді полиция өкілдері

Талқылау