Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық әйел дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалғанын мәлімдеді

Жарты жыл бойы сынған аяқпен жүрген 47 жастағы қарағандылық әйел дәрігерлердің  біліксіздігі салдарынан мүгедек болып қалғанын айтады. Айтуынша, табан сүйегінің бірнеше жерден сынғанын ақ халаттылар кеш анықтаған. Оған дейін науқас сынған аяғымен жүре берген, деп хабарлады 7-арнаның "Айбат" жаңалықтар қызметі.

Айсұлу Төлекова осыдан 6 ай бұрын сатыдан құлап, бел омыртқасын екі жерден сындырып, қалалық №1 ауруханаға түскен. Дәрігерлер ота жасаған. 

Айтуынша, аяғының ісініп, жанға батып ауырғанын көре тұра дәрігерлер сап-саусың деп шығарып салған. 

"Мына аяғым қисайып кетті. Өткен жолы профессор маған электро-кардиограмма жасаңыз деп айтты. Бір аяғым жүрмей жатыр. Алты ай өтті, мен әлі ақсаңдап жүрмін. Не мүгедектік жоқ, не операция жоқ. Түсініксіз", - дейді Айсұлу Төлекова.

Әйел аяғым қақсап ауырғанда өз-өзіме ине салып, ауырғанын уақытша болса да өзім басуға мәжбүрмін дейді. Дәрігерлер сынған сүйек қисық біткен деген желеумен жауапкершіліктен жалтарып отырған көрінеді. 
"Біз сізге операция жасамаймыз, сіздің "хрустальді" болғаныңызға біз кінәлі емеспіз. Басыңыздан аяғыңызға дейін үгітіліп жатырсыз. Бөлімшенің ішінде жүгіріп жүрсіз ғой,дейді. Неге мен жүгірмеймін? Үнемі ауырсынуды басатын екпе салады", - дейді әйел.



Ал дәрігерлер науқастың сөзін жоққа шығарып, оның жала жапқанын айтып отыр. Олар науқас бастапқыда аяғына қатысты ешқандай шағым айтпады дейді. Ал ота жасамауының себебін келіншектің сүйек сынғыштығы жоғары деп түсіндірді. 

"Ота жасағанмен, ол кісіде - екінші остеопороз. Ол кісі өткізіп алған. Сол жарақаттан кейін ешқайда бармай, басып, ығыстырып алған. Травманы жасырған шығар. Осылай сәл ақсаңдап жүреді. Операция жасалған кезде екінші остеопороз деген қосымша ауруы бар екенін айттым. Сүйектің сынғыштығы өте жоғары", - дейді №1 қалалық аурухананың травматолог-дәрігері Ғалымбек Сайлауұлы. 

Ал Айсұлу Төлекова уәкілетті органдарға жүгініп, ешқандай көмек ала алмағанын айтады. Ол енді елордалық мамандарға жүгінбек. Әйел сау аяғын сал қылған дәрігерлердің жазаланғанын қалайды.
 
 

Талқылау