Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еркектерден қорқатын болған": Лифт ішінде азғындықтың құрбаны болған жасөспірімнің анасы наразылық білдіріп, кінәліні қатаң жазалауды сұрайды

Қарағандыда лифт ішінде зорлық құрбаны бола жаздаған жасөспірімнің анасы сот үкімімен келіспейтінін айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

Еске салайық, Қарағандыда 24 жастағы ер адам 14 жастағы қызға лифт ішінде азғындық жасаған. Ол қызды пәтеріне шақырып, бетінен сүйген, әрі лифттен шығармай қойған. Оның бұл әрекеті бейне бақылау камерасына түсіп қалған. 

Кейін күдікті ұсталып, "Бұзақылық" бабымен 3 тәулікке қамауға алынған еді. 

Жәбірленушінің анасы болған жағдайдан кейін қызының психологиясына зақым келгенін айтады. 

"Қызым зорлықтың құрбаны болды. Есеңгіреп қалған. Қазір подъезге шығуға қорқады. Лифтіге кіреді, бірақ тіпті еркектерден қорқатын болған. Жылайды. Ол өзге адамдармен лифтіге кіруге болмайтынын біледі, алайда ол артынан жүгіріп келген", – деді анасы Альмира Әбдікәрімова. 


2023 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды


Полиция ер адамның сол подъездің бесінші қабатында тұратынын анықтаған. Кейін жергілікті тұрғындар күдіктіні тауып, кешірім сұратқан. Мәлім болғандай Қарағандыға Түркістан облысынан келген, әйелі мен балалары бар. Видеода ол қызды пәтерге шақырғанын және "арам ойы болғанын" мойындады. 

"Үйге шақырдым. Арам ойым болды, мойындаймын. Бұл – шындық. Мұны жоққа шығармаймын, барлығын мойындаймын", – дейді ол. 

Сот үкімімен ер адам үш тәулікке ғана қамалды. Себебі күдікті лифт ішінде физикалық күш көрсетпеген. Алайда жасөспірімнің анасы шешіммен келіспейді, енді қайта арыз түсірмек. Ол жазаны қатаңдатуды сұрап отыр. Ал ер адам басқа жаққа көшіп кеткен. 

Талқылау