Қарағандыда колледждің алдында жігіт студентке пышақ сұққан (видео)
Қарағандыда колледждің алдында жігіт студентке пышақ сұққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Патриот Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыдағы экономика, бизнес және құқық колледжінің алдында студент екінші студентке пышақ жарақатын салғаны видеосы түсіп қалды. Ол оқу орнының алдында 19 жастағы жігітті қуып жүріп, пышақтаған.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Полиция қаскөйді ұстады.
“17 жастағы күдікті ұсталды. ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ПД.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар