Қарағандыда балабақшадан қашып кеткен үш жасар бала жол бойынан табылды
Қарағандыда тәрбиешілердің қарауынсыз қалған үш жасар бала балабақшадан қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Патриот" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан кадр
Бүлдіршін балабақшадан қашып шығып, орталық мешіт жақтағы жол жиегінен табылды. Жолға шығып кеткен үш жасар баланы көлік қағып кете жаздаған.
Мұны көрген көлік жүргізушілері тоқтап жағдайды білмек болған. Жүргізушілердің бірі баланың жеке меншік балабақшаның тәрбиеленушісі екенін айтқан. Бойжеткеннің айтуынша, бұл балабақшада мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Ол баланы балабақшаға өзі апарып табыстаған.
Қарағанды қаласы білім бөлімінің бейресми дереккөздері бүлдіршіннің жекеменшік балабақшаның тәрбиеленушісі екенін растады.
Ал Қарағанды облысының білім басқармасының баспасөз қызметі жекеменшік балабақшалардың жұмысын қадағаламайтынын айтып, бұл ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.
Баланы жолдың бойынан тауып алған көлік жүргізушісі балабақшадағы бақылаудың жоқтығына ашулы.
“Баланы көлік қағып кетсе, кім жауап береді? Тіпті баланың жол жиегінде жүруі – қалыпты жағдай емес! Күтушілер мен тәрбиешілер баланың кетІп қалғанын қалай байқамай қалды? Ақылға сыймайды. Мен өзім әкемін және бұл жағдайды мүлдем түсіне алмаймын”, — дейді ер адам.
Шетелге ұшқан қазақстандықтың багажынан құны 3 миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымы ұрланған: Мұндай жағдайда тап болмас үшін не істеу керек
Жолаушы: "Чемоданды ақтарғандары сонша ішінде біреудің жапсырмалы тырнағы түсіп қалған"
Қазақстанда ресейліктер, белорустар және қырғызстандықтар үшін азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі тоқтатылды
Жеңілдетілген тәртіппен қабылдау 2026 жылғы 10 сәуірден бастап тоқтатылған