Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген ер адамның денесі табылды

Қарағанды облысында әйел мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтоғай ауданында жедел-іздестіру шаралары кезінде қылмыстық полиция қызметкерлері күдіктінің денесін тапқан.
“Алдын ала деректер бойынша, ол өз атына тіркелген қарудан атып, өз-өзіне қол жұмсаған”, – деп хабарлады полиция.
- Астана маңынан пакетке салынған жаңа туған нәресте табылды
- "Көршісі екеуінің арасында қарым-қатынас болды деп жатыр": Польшада қаза тапқан қазақстандықтың әпкесі істің жаңа мән-жайын айтты
Еске салайық, 26 наурызда Қарағанды қаласындағы Крылов көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының зорлық белгілері бар мәйіттері анықталды.
Бұған дейін полиция мәйіттерден зорлық-зомбылық белгілері табылғанын хабарлаған еді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық деректі анықтау үшін тергеу және жедел шаралар жүргізілді.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған