Қарағандыда 20 жасар жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды
Қарағандыдағы "Сапфир" ТК құрылыс алаңында 20 жастағы тас қалаушы 9 қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні кешкі сағат 18:20-да болған.
Жас жігіт "Сапфир" тұрғын үй кешенінде үй салатын құрылыс бригадасының құрамында тас қалаушы болып жұмыс істеген.
Жігіт құрылыс нысанының 9-қабатынан құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейді.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді