Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 15 жастағы қыз жаңа туған сәбиімен бірге жоғалып кетті

Қарағандыда 15 жастағы жасөспірім Лолита Богданова жоғалып кетті. 27 тамыздан бері ол қыздан ешқандай хабар жоқ.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

27 тамызда жасөспірім қыз жаңа туған баласымен бірге кешкі уақытта «Аналар үйі» ғимаратынан шығып кеткен. Содан кейін ешкімге хабарласқан жоқ. Осы сәттен бастап он күннен астам уақыт өтті. Лолита мен баласының қайда екені белгісіз. 

Қыздың анасы Елена Богданованың айтуынша, оның қызы қазір баланың әкесімен бірге болуы әбден мүмкін. Баланың әкесі 27 жаста, ол да іздеуде. Лолита кәмелетке толмаған қыз. Тергеу нәтижелері бойынша олар бірге кеткен. Ер адаммен байланыс 27 тамызда үзілді. Қазір полиция мен еріктілер жоғалған қызды іздеп жатыр.

Қарағанды ​​еріктілер қоғамының жетекшісі Ирина Бозарковская қыз бен баланың соңғы рет Осакаровка ауылында жүргенін айтты. Әрі қарай дерек жоқ.

Егер сіз Лолита Богданова туралы ақпарат білсеңіз, +7 708 352 64 60, + 7705 326 86 98 немесе 102 нөміріне хабарласыңыз.

Талқылау