Қарағанды-Теміртау тас жолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты (видео)
Қарағанды облысындағы тас жолда ірі жол апаты болып, жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысы жол полициясы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұловтың айтуынша, жол апаты 26 қаңтар күні сағат 15:00 шамасында болған.
"Қарағанды-Теміртау тас жолында ауа-райының нашарлауына байланысты "Алматы-Астана" бағытындағы жолаушылар автобуысы және 16 жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты орын алды", – делінген полиция хабарламасында.
Зардап шеккен жолаушыларға Теміртауда медициналық көмек көрсетілуде. Жолда қалған адамдарға Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, патрульдік және әкімшілік полиция полкінің қызметкерлері көмек көрсетеді. Барлығы қалаға жеткізіледі.
Таңертең Орталық Қазақстан арқылы өтетін барлық бағыттар ашық болған. Алайда желдің күшеюі мен қар жағдайды айтарлықтай қиындатқан. Қазір тас жолдағы көріну деңгейі өте төмен. Жолдар жабылды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды