Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып қаза тапты
Қарағанды облысында жұмысшы пойыздың астына түсіп, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға 15 қаңтар күні "Шұбаркөл көмір" АҚ ішкі теміржол желісінде болған. Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына құлап, қаза тапқан.
Компанияның мәліметінше, жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен.
"Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. Компания ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажет көмекті көрсетеді", — делінген компания хабарламасында.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген