Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұшақ 30 қыркүйек күні таңертең Үштөбе ауылындағы Балапан оқу-жаттығу алаңынан ұшып шықты.
"Сағат 07:46-да ұшқаннан кейін ұшақ экипажы байланысқа шықпады. Іздеу кезінде қираған әуе кемесі табылды, екі адам қаза тапты. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті тергеуді бастады", – делінген хабарламада.
Кейін ведомствода әуе кемесімен болған авиациялық оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 08:44-те Қарағанды облысы Доскей ауылынан бес шақырым жерде болғандығы нақтыланды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"