Қарағанды облысында "полицейлер" несие рәсімдеу үшін тұрғындардың жеке куәлігін суретке түсіріп алған
60 жастағы Саран қаласының тұрғынын көшеде белгісіз екі адам тоқтатқан. Олар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, тексеру үшін жеке куәлігін сұраған. Бұдан соң суретке түсіріп, қайта берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше күннен кейін оған қаржы мекемелерінен SMS-хабарламалар келіп түседі. Осылайша ер адам өз атына 3 миллион 924 мың теңгеге төрт кредит ресімделгенін біледі. Бұл ақшаға қаскөйлер Нұр-Сұлтан мен Жезқазған қалаларының дүкендерінен техника сатып алған.
Кейін көрші Шахтинск қаласының полиция бөліміне 61 жастағы тұрғын хабарласқан. Ол да жалған полицейлерге құжатын көрсеткен болып шығады. Бұдан соң атынан 1 млн 995 мың теңге несие алынған.
Күдіктілерді Қарағанды облысының тәртіп сақшылары ұстады. Олар Павлодар облысы мен СҚО-ның тұрғындары болып шыққан. Полиция оларды қамауға алды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”