Қарағанды облысында көкжөтелден бір бала көз жұмды
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылғы 11 маусымда өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысында бір баланың көкжөтелден қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір жас 11 айлық бала көкжөтелден көз жұмды. Балаға көкжөтелге қарсы екпе салынбағаны белгілі болды. Айта кетейік, екпе баланың екі, үш және төрт айлық кезінде үш рет салынады.
Министр халықтың популяциялық денсаулығы әлсіз екенін атап өтті.
“Тіпті кейінгі бірнеше жылда вакцина алмаған балалардың шамалы тобынан осындай ауру тарады. Өкінішке қарай, Қарағанды облысында көкжөтелден бір адам қайтыс болды. Бала 1 жас 11 айлық. Бұл жағдайға ДСМ тарапынан сараптама жүргіздік. Біріншіден, бала уақыты жетпей дүниеге келген. Екіншіден, екпе алмаған және емхана деңгейінде көп жүріп қалған, аурухағана кеш түскен. Сондықтан тиісті асқынулардың себебінен бұл балаға көмектесе алмадық. Көкжөтел жеңіл өтетін ауру емес”, – деді Ақмарал Әлназарова.
Бұған дейін қазақстандықтар көкжөтелмен қалай күрескендерін айтып берген еді.