Қарағанды облысында Кеншілер күні мерекесі тойланбайтын болды
Қарағанды облысында Кеншілер күніне жоспарланған салтанатты шаралар тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қазақстан кенішіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Кеншілер күніне арналған барлық салтанатты іс-шаралар тоқтатылады", – делінген хабарламада.
Қазақстанда Кеншілер күні мерекесі тамыз айының соңғы жексенбісінде тойланады.
Еске салсақ, 17 тамыз күні сағат 10:05-те "Казахстанская" шахтасында D6 көмір еңісін игеру барысында конвейер лентасы өртенуі салдарынан өрт шыққан болатын. Өрт кезінде шахтада болған 227 жұмысшының 222-сі жер бетіне тірі шығарылды. Бес адам жер астында қалып, қаза тапты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр