Қарағанды облысында қарлы боранда жүргізушілерге жол көрсеткен құтқарушы желідегілерді тәнті етті (видео)
Қарағанды облысында 35 жастағы құтқарушы қарлы боран кезінде көлігінен түсіп, жүргізушілерге жол көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Видеодан скрин
Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Сымбат Есжанов қарлы бораннан жол көрінбеген соң, көлігінен түсіп, мұзды жолда жолаушыларға бағыт көрсетті.
Оның бұл әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті.
"Оларды құрметтейтін уақыт келді. Жеке басым оларға тағзым етемін", "Жалақыларын өсіру керек", "Ауа райының нашарлайтынын біле тұра жолға шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне қиындық туғызып керегі не?", – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Сымбат азаматтық қорғау саласында 2012 жылдан бері қызмет етіп келеді екен.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық құтқарушылар Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін адамдарды кабинадан қалай шығарғанын айтып берген еді.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті