Қарағанды облысында екі жарым жастағы қыздың мұрнынан тірі құрттар табылды (видео)
Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер 2 жарым жастағы баланың мұрнынан тірі құрттарды шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скриншот
Қабылдау бөліміне жедел медициналық көмек бригадасы мұрынның қанауымен және онда бөгде заттың болуы мүмкін деген болжаммен ауруханаға 2 жас 6 айдағы қыз баланы жеткізген.
"Мұрынның риноскопиясын жүргізген кезде, оң жағынан көптеген мөлдір көздер байқалған. Анасы қызының мұрнында құраттардың қашан пайда болғанын білмейді. Айтуынша, баланың әжесі 3-4 күн бұрын мұрыннан жағымсыз иісті байқаған. Бүлдіршіннің мұрнынан қан кеткеннен кейін медицинаның көмегіне жүгінген. Мұрында 10 тірі құрт болған", - делінген облыстық балалар клиникалық ауруханасының хабарламасында.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады