Қарағанды облысында 500-ден астам тұрғын су айдындарын тазарту жұмыстарына қатысты
Қарағандыда "Таза бұлақ" экологиялық акциясы өтті. Оған 500-ден астам адам қатысты. Еріктілер, ардагерлер, депутаттар, оқушылар мен табиғатқа жанашыр қарағандылықтар Бұқпа өзені және Федоров су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты. Осылайша жастар қоғамдық қауіпсіздікті табиғатты аялаудан бастап сақтауды дәріптеді.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, білім беру саласының ардагері Өзбек Бимедин № 76 және 8 жалпы білім беретін мектеп оқушыларын осы науқанға жұмылдырған. Қария бұл акция қоршаған ортаны болашақ ұрпақ үшін сақтауға деген ұмтылыс екенін алға тартады. Сондай-ақ қала тұрғындарының басын біріктіретін бірегей жоба дейді.
Қаланың жастар ресурстық орталығының басшысы Якуб Джамалов тұрғындарды жауаптылық танытуға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды. Ол қаланың тазалығы мен жайлылығы әрқайсымызға байланысты екенін атап өтті.
Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді. Бұл жетікүндік "Жасыл аймақ" деп аталады және ағаш егуге, аумақты көгалдандыруға арналған.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”