Қарағанды облысында 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 1 адам қаза тапты
22 қарашада Қарағанды облысындағы 15-ші магистралінде 30 жолаушысы бар автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ekaraganda.kz
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:15-те "Лада Приора" автокөлігі мен "Ютонг" маршруттық автобусы соқтығысқан.
“Соқтығысу кезінде автобуста 30 жолаушы болған. Автобус жүргізушісі мен жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан "Лада Приора" автокөлігінің жүргізушісі қаза тапты.
Құрылыс алаңынан өтіп бара жатқан қазақстандықты өлімнен бір хабарлама құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген
"Тырнақ пен қас жасауға кеткен": БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің туысы олардың өлімі туралы мән-жайды айтты
Жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр