Қарағанды маңында әскери ұшақ құлады (видео)
Қарағанды облысында Қорғаныс министрлігінің ұшағы құлады. Ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"2020 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікке дайындалу үшін жоспарланған ұшу кезінде Қазақстан әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апатқа ұшырады.
Оқиға Қарағанды әуежайының оңтүстік аумағында болды. Ұшақ ұшқан соң қозғалтқыштардың бірінен өрт шықты. Әскери ұшқыштар катапульттеу туралы бұйрық алған соң әуе кемесін далаға, қарапайым халыққа ештеңе қауіп төндірмейтініне көз жеткізген соң ұшақты халық қоныстанбаған аумаққа шығарды. Ұшқыштар аман", - деді Қорғаныс министрлігі.
Апаттың тергеу бұйрығы қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындалды.
Оқиға орнына Қазақстан әскери-әуе күштерінің іздестіру-құтқару жасағы келді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"