Қара Ай: Желтоқсанның 30-ынан 31-іне қараған түні қазақстандықтар ерекше құбылысты тамашалай алады
Желтоқсанның 30-ынан 31-іне қараған түні қазақстандықтар ерекше құбылыс “Қара Айды” тамашалай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: shutterstock
Новосибирск мемлекеттік университетінің ғалымдары спутник жердің көлеңкесінде қалып, мүлдем көрінбей қалады дейді.
Новосибирск мемлекеттік университетінің физика факультетінің оқу астрофизикалық автоматтандырылған кешенінің меңгерушісі Альфия Нестеренконың айтуынша, әдетте Ай бір айда төрт фазадан өтеді. Ол жаңа ай, бірінші ширек, толық ай және соңғы тоқсан фазалары.
"Биылғы жылдың желтоқсан айының басты айырмашылығы – жер серігінің бесінші фазаға өтуі. Яғни, 31 желтоқсанда екінші жаңа ай туады", – деді ол.
Бұл сирек кездесетін құбылысты жай көзбен көру мүмкін болмайды. Алайда айдың бетіне құлаған метеориттің жарқылын байқауыңыз мүмкін. Бұл құбылыс шамамен бір сағатта бір рет болады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар