"Қар аралас жауын жауады": Қазақстанның үш өңірінде жолдарға ауа райы туралы ескерту жарияланды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 25-27 қазан аралығында республикалық трассаларда ауа райының бұзулуы мүмкін екенін айтып, ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық компанияның мәліметінше, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын, сондай-ақ қар жаууы болжанып отыр.
"Сондықтан жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтап, жолдағы қауіпсіздік ережелеріне көңіл бөлулерін және ауа райының нашарлауын ескерулерін сұраймыз", – делінген хабарламада.
Жол жағдайы туралы нақты ақпарат алу үшін "ҚазАвтоЖол" Call-орталығы тәулік бойы 1403 нөмірі бойынша қызмет көрсетеді.
Өскемендіктер тағы да қара түтінге тұншығып, балалар қашықтан оқуға көшті
Еске салайық, бұған дейін елімізде 12 облыс тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жасалғанын жаздық.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады