"Қаптамадағы нанды ғана сатып алу керек": Сауда министрлігі қандай шектеулер енгізді
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда COVID-19 коронавирусының пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірқатар ұсыныстар жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство ірі сауда нысандарының жұмыс істеуін 10 сағаттан 18 сағатқа дейін шектеуді ұсынды.
Сауда объектілерінің аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары және басқа да ойын-сауық алаңдары жабылуы тиіс.
"Азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істеуі керек", - деді ведомствода.
Сонымен қатар, министрлік нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек оралған күйінде сатуды ұсынды.
Ал азық-түлік емес базарлардың жұмысын 11-ден 17-ге дейін санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып шектеді.
Бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай басталғаны хабарланды.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен