Қаңтардағы ҰБТ-2022: Талапкерлердің 34%-ы межелік балды жинай алмады
Елімізде қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен талапкерлердің 34%-ы межелік балды жинай алмады. Бұл туралы ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Емелбаевтың айтуынша, бүгінгі күні тестілеуден 29 мың талапкер өткен. Олардың 78%-ы қазақ тілінде, 21%-ы орыс тілінде. Сондай-ақ 43 оқушы ағылшын тілінде тест тапсыруға өтініш берген. Олардың 38-і тапсырған.
Тестілеу нәтижесі бойынша, 10 мың талапкер 50 балға да жете алмаған. 34% талапкерлер белгіленген межелік малдан аса алмады, 65%-ы өтті. 5 пән бойынша орташа бал 65,14-ті құрады. Ең жоғары бал – 134.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған