AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент резиденциясын басып алу арқылы билікті құлатпақ болған - Бас прокуратура қаңтар оқиғалары туралы

Бас прокуратураның І қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы Алматыдағы президент резиденциясын басып алудың егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

резиденция

"Шабуыл үдей түскен кез 5 қаңтарда, 15:00-16:00 аралағы болды. Шабуылдаушылар тартып алған арнайы техникамен ғимараттың қақпасы мен қоршауын кем дегенде бес рет соққан. Сондай-ақ шабуыл барысында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қарулар пайдаланылды. Әкімдікке шабуыл кезінде қолға түскен әскерилерді тірі қалқан ретінде қолданды. Қылмыскерлердің көп бөлігі алкогольдік ішімдік пен есірткі тұтынған", – деді ол брифинг барысында. 

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, қараңғы түскен соң және қалың тұман кесірінен ғимаратта қорғанысты ұстап тұру мүмкін болмаған. Себебі бейбіт халықтың өміріне қауіп төнген. 

"19:25-те қақпа тартып алынған "Камаз" көлігімен қиратылды, сосын қарулы топ ішке кіруге тырысты. Резиденцияны басып алу билікті құлатпақ болған. Өйткені осындай ғимарат пен әкімдікті басып алу қаланы басқару жүйесінде аласапыран тудыруы қажет еді. Сондай-ақ тұрғындарда өз қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық пайда болады. Әкімдік пен резиденцияға шабуыл кезінде қылмыскерлер әскерилердің қару қолданатынын біле тұра ғимаратқа қарай жүгірді", – деді Елдос Қилымжанов. 

Бүгінде резиденция ғимаратын қорғау кезінде қаза тапқан 12 азамат терроризм актіне қатысты күдікті деп танылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр