Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: Қару ұрлады деген күдікті қылмысқа қатысы барын жоққа шығарды

Қаңтар оқиғалары жайлы түсірілген үшінші деректі фильмде күдіктілерден алынған сұхбат көрермен назарына ұсынылды. "Хабар" арнасына сұхбат берген азаматтардың бірі өзінің қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

күдікті

Фильмде елімізде әлі де лаңкестер ошағы бар екенін айтады. Мысалы, жақында Алматыда бірнеше адам тұтқындалған. Олардан оқ салынған жәшік, бронды кеудеше, екі танкке қарсы снаряд пен тегіс ұңғылы қару,пневматикалық винтовка және тапанша тәркіленген. 

Тергеу бойынша достарымен бірге 10 қару ұрлады деп күдікке ілінген 25 жастағы ер адам өзінің қылмысқа қатысы бар екенін жоққа шығарды. 



"5 қаңтарда үйде болдық. Ғаламтор болмады, теледидар да көре алмадық. Сондықтан не болып жатқанын көру үшін қалаға шықтық. Атыс дауыстарын естіп үйге қайтпақ болдық. Қайтар жолда көшеде маска киген бір топ адам көрдік. Жақындап едік қайық пен скутер тұр екен. Балықшыларға арналған дүкен деп ойладым. Осы кезде қолыма қорап ұстатып, "Ал, ал" деп айтты. Қару екенін білмедім", - деді ол. 

Фильм авторының сөзінше, қару ұрлау бойынша күдікке ілінгендердің көпшілігі қолдарына қару мен оқтың кездейсоқ түскендерінін айтқан. 

Қазір барлығы мыңнан аса қару тәркіленді. Олардың ішінде 123 автомат, 231 тапанша, 263 тегіс ұңғылы қару, 168 граната, 9 гранатомет және 2 пулемет бар. Ұрланған қарулардың жартысынан көбі қылмыскерлер қолында екен.  

Айта кетейік, бұған дейін қаңтар оқиғаларына қатысқан күдіктілер эксклюзивті сұхбат берген еді. Олар оқиға жайлы өз нұсқаларымен бөлісті.

Талқылау