Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанша жерді араладым, бірақ ешкім шабуыл жасамаған еді": Шымкентте саяхатшыны ұрып, тонап кетті

Шымкентте белгісіз біреулер Украинадан келген велосипедшіге шабуыл жасап, оны тонап кетті.Владимир Галигузов қиын жағдайға тап болды, ол екі дөңгелекті көлігімен Азияны айналып өтуді жөн шешті. Турист Қырымға, Ресей мен Өзбекстанға саяхат жасады. Бірнеше қалаларды аралап, 4 мың шақырымнан асты.

Тамыздың басында ол өзі туып-өскен Шымкент қаласына келді. Шыкентте түнде шатырда жатқан уағында  белгісіз үш адам оған шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 Владимирді ұрып-соғып, қабырғаларын сындырып, қажетті заттар мен қомақты ақшаны ұрлап кеткен. 1000 доллар мен бірнеше мың теңге жоғалып кетті дейді ер адам. Сапар уақытша тоқтатылуды. Ол толық қалпына келтірілгеннен кейін қайта сапарлауды жоспарлап отыр. Бір айдың ішінде Қырғызстанға бармақшы. Владимир жыл сайын велосипедпен жүретінін мойындайды. Бірақ бірінші рет шабуылға тап болған.

«Шынымды айтсам, бұл менің өмірімде бірінші рет болып отыр. Мен қайда болмадым қайда болмадым десеңізші. Мен тайгада болдым, су астындағы үңгірлерде болдым. Бұл жайды бірнеше күн айта аламын, өйткені мен көп саяхаттаймын. Мен сондай белсенді адаммын. Ал, ұрып-соғу өмірімде бірінші рет. Олар тонау үшін қасақана шабуыл жасады», - дейді саяхатшы. 

Қазір полиция саяхатшыға шабуыл жасаған қаскүнемдерді іздеуде. Бұған бей-жай қарамайтын шымкенттіктер Владимирге тезірек сауығып кетуіне көмектесуде. Азаматтар оған дәрі-дәрмек, тамақ әкеледі. Кейбіреулер көшедегі шатырда түнемеу үшін ақша жинап, пәтер жалдауға шешім қабылдады.

«Енді біз, ең болмағанда, велосипедке арналған құрал-жабдықтар мен алғашқы медициналық көмек жинағын сатып алу үшін аздап ақша жинағымыз келеді. Қазір оны екі қабырғасы мазалайды. Дәріханадан оған майдың бір түрін алыңыздеді. Ол өте қарапайым адам. Ештеңе сұрамайды, жайдайын айтып айқайламайды», - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Георгий Киселев.

Қазір саяхатшы полиция тергеуінің аяқталуын күтуде. Шымкенттегі ДП баспасөз қызметі қызметкерлерінің айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Алайда ер адам Шымкенттен кетуді ойламайды, өйткені туған жерін жарты ғасыр бойы көрмеген. Емдеуден кейін Владимир туыстарын табу үшін жергілікті мұрағатқа барғысы келеді.

Талқылау