AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанша ақша берсең де жаратады": Бүркіт Аишаның Италиядан киінетінін айтты

Қазақстан сахнасындағы ең стильді, жарқын жұлдызды жұп – Бүркіт пен Аиша жыл сайын киіну үшін арнайы Италияға сапарлайды. Бұл туралы олар Динара Сәтжанның "100 сұхбат" бағдарламасында айтты. 

Ақшаға келгенде, Бүркіт қатты екенін айтады. Әр тиынды ақылмен жұмсайтын ол қажетсіз дүниелерге шашылмайды екен. Ал Аиша өзіне келгенде жомарт болып шықты.

"Аишаға қанша берсең де, бәрін жаратады. Мен керексіз заттар алмаймын. Мысалы, баяғыда Rolls-Royce алуға мүмкіндігім болды. Мен алмаймын, өйткені ол маған керек емес. Бір рет алғым келгені рас, кейін айнып қалдым. Одан да ол ақшаға тағы бір үй саламын, ағаш отырғызып, табиғатқа тамсанамын", – дейді Бүркіт.

"Жеке шекара жоқ": Айнұр Ілиясова келінге күн бермейтін енелерге ренішін айтты


Бұдан өзге, Бүркіт жыл сайын киім алу үшін Италияға баратындарын атап өтті. Тек биыл карантинге байланысты бұл дәстүрді бұзуға тура келіпті. 

"Аиша тек қана қымбат, өзі киетін киімдерді алады. Бұған Аиша мені де үйретті. Бір киім алып, бір-екі реттен кейін кимей тастай салатын кездерім болды. Одан да бір қымбат киім алсаң да, ұзақ киген жақсы деген нәрсеге үйретті. 
Көп дүние алуға жағдайымыз жетеді. Бірақ не қыламыз?" – деп ағынан жарылды әнші.

Айта кетейік, осы сұхбатта Бүркіт өзі тұрғызған зәулім үйлері мен автотұрағындағы қымбат көліктерін көрсеткен еді.  Сондай-ақ Бүркіт те, Аиша да бір кездері бала асырап алуды армандағандарын айтып берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр