Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар қартаюды баяулататын әдеттерді атады

Қарапайым әрі күнделікті жасауға болатын әдеттер қартаюды баяулатуы мүмкін. Мұндай әдеттер туралы Британия ғалымдары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Express басылымына сілтеме жасап. 

ұзақ өмір сүру

Алдымен тұтынатын қант мөлшерін бақылау керек. Ғалымдар қантты көп мөлшерде жейтін шыбындардың салыстыралы түрде аз өмір сүретінін анықтаған.

"Қантты көп тұтыну диабет және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан қант мөлшерін азайту қартаюды баяулатады, зат алмасудың бұзылуын алдын алып, денсаулықты жақсартады", – деп мәлімдеді мақала авторлары. 

Қартаюды баяулататын келесі әдет – ресвератрол қабылдау. Мамандар жүзім, қаражидек, жержаңғақ пен тұт ағашының құрамында болатын бұл антиоксинданттың 1 000 милиграммын қабыдауға кеңес береді. 



Ресвератрол – қартаюды баяулатып, жасушалар жағдайын жақсартатын табиғи көмекші. Антиоксиданттың бұл ерекшелігі тышқандарда байқалған. Оларда табиғи фитоалексин ғылымда SIRT1 атауымен белгілі "ұзақ жасау генін" бөлген. Ресвератролдың денсаулыққа тигізер өзге де пайдасы бар. Мысалы, гипертония, жүрек аурулары, май басу және инсулинге деген жоғарғы сезімталдықтан қорғайды. 

Үшінші әдет – D3 дәруменін қабылдау. Зерттеулер ағзада бұл дәруменнің көп мөлшерде болуы өлім деңгейін төмендететінін көрсеткен. Ал D3-тің жетіспеуі жүрек-қан тамыр ауруларына, ісік және инфекцияның пайда болуына әсер етеді. 

Ағза D дәруменін таза ауада, күн сәулесі теріге тікелей түскенде бөледі. Алайда қазан және наурыз айларында күн түсу уақыты қысқарғандықтан, дәрігермен кеңесіп, дәруменнің қосымша дозасын қабылдаған жөн. 

Талқылау