Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қанаттың әзіліне ғашық болып, үйлендім»: Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың әйелі 

Әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың келіншегі оған қалай ғашық болып қалғанын айтты. Нұргүл Құдайбергенова күйеуінің әзіліне ғашық болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

канат

Олардың отау құрғанына он бір жыл болған. Қанат Әлжаппаров әйелімен кафенің бірінде танысқан екен. 

«Ол кезде КВН-де енді жұлдызы жанып жүрген. Маған көңілді адамдар ұнайтын. Ол уақытта КВН-ді теледидардан көрсетпейді, дисктен сатып алатынбыз. Үш айда бір келеді ол дискі Қызылордаға. Соны сіңілім екеуміз сатып алып, көрдік. Үйде екеуміз ғана. Көріп отырғанбыз. Бір уақытта сіңілім «Мына қап-қара бала әдемі ойнайды екен. Бірақ түрі онша емес екен» деді. Осы балаға сен үйленіп кетсең ба деген. Сол кезде періште әумин деген сияқты. Ол кезде Қанатты мен көрмегенмін, тек дискіден көремін. Сөйтіп бір күні кафеде Қанат кіріп келді. Мен қуанып кеттім. Негізі мен Қанатқа үйленбеген күннің өзінде фанаты болып жүрер едім», – дейді Нұргүл Құдайбергенова Жұлдыз Әбдікәрімованың «Отбасылық контент» бағдарламасында. 

Талқылау