Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам менеджерімен серіктестікті тоқтатты

The Ring нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік менеджері Эгис Климас орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Қанат Исламмен серіктестікті тоқтатты.

Қанат Ислам менеджерімен серіктестікті тоқтатты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биылғы жылдың 5 шілдесінде Алматыда Қанат Ислам доминикандық Хулио Де Хесуспен жұдырықтасып, жеңіске жеткеннен кейін, қазақстандық боксшы мен менеджерінің арасындағы серіктестік тоқтады. Аталған жекпе-жекте Ислам WBO International-дың орта салмақтағы екінші дәрежелі белбеуін иеленген. Жекпе-жектен кейін тараптар белгісіз себептермен серіктестікті тоқтатуды ұйғарыпты. 

Айта кетсек, қазақстандық боксшы мен менеджер Эгис Климастың серіктестігі 2018 жылдың ақпан айында басталған еді. Ислам Климастың жетекшілігімен сол жылдың 23 маусымынжа Лос-Анджелесте рингке шығуды жоспарлаған-ды. Алайда аяғын зақымдап алғандықтан, жекпе-жекті өткізе алмады. 

Бүгінгі таңда Қанат Исламның командасына бұрынғы менеджері Нельсон Лопес қайтып келді.

"Қазақстанның масқарасын шығарды": Желі қолданушылары Қанат Ислам жеңісті "сатып алды" деп сынады >>>

Еске сала кетсек, Алматы қаласында қазақстандық спортшы Қанат Ислам мен бұрынғы әлем чемпионы 34 жастағы намибиялық Уолтер Каутондоква арасындағы жекпе-жек өтті. Қазақстандықтар асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Қанат Ислам чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 

Боксшының командасындағылардың хабарлауынша, жетінші раундтан бастап Қанат Ислам сынған оң қолына қарамастан жұдырықтасқан.

Талқылау