Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам мен Геннадий Головкин жекпе-жекке шыға ма

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. ESNews телеарнасының тілшісі Эли Секбах қазақ спортшысының дайындық жаттығуына қатысып, онымен сұхбаттасып қайтты.

Қанат Ислам мен Геннадий Головкин жекпе-жекке шыға ма

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

— Қанат, 25 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмепсің. Жақсы рекорд.

— Маған біреуді тауып беріңіздерші, өтініш (күліп)

— Джермелл Чарломен жұдырықтасар ма едің? «Канеломен» ше?

— Иә, қуана-қуана.

— Ал GGG-мен ше?

— Ол 160 фунтта ғой.

— Жақында тағы бір кездесуің бар екен?

— Иә.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы рет рингке Астанада өткен жылдың қыркүйегінде шықты. Ол кезде Қанат канадалық былғары қолғап шебері Брэндон Кукты техникалық нокаутпен жеңді. Қанаттың келесі кездесуі Лас-Вегаста өтеді. Алайда жекпе-жектің өтетін күні мен Қанаттың қарсыласы әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз: 

Данияр Елеусінов кәсіби бокста кіммен жекпе-жек өткізеді

КВН ойыншысы Астанадағы мұз айдыны сарайына басшы болды

Шешенстанда қазақ балуаны қарсыласын 30 секунд ішінде нокаутқа жіберді (видео)

Америка азаматы басына Головкиннің портретін салғызды

Талқылау