Камчаткада ең ірі жанартаудың бірі оянды
Качаткада ең ірі жанартаудың бірі атқылай бастады. Тіпті ұшқан күл 20 шақырымға дейін жеткен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ria.ru
Шивелуч жанартауының оянғаны туралы Риа Новости жазды. Дерекке сүйенсек, отты тау таңда атқылай бастаған. Салдарынан сол маңдағы елді мекен тұрғындарына шұғыл ескерту жасалды.
Қазірдің өзінде жанартаудан ұшқан күл шоғы 20 шақырымға дейін жеткен. Жанартауға ең жақын орналасқан елді мекен Ключи, Козыревск ауылдары. Шамамен 45 шақырым аралықта.
Жанартаудан шыққан түтін мен күл иісіне уланбас үшін тұрғындарға үйден шықпауға және бетперде киюге ескерту жасалған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі